"Адал ұрпақ" бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі 2021-2022 оқу жылы » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адал ұрпақ" бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі 2021-2022 оқу жылы
25
май
2022

"Адал ұрпақ" бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар есебі 2021-2022 оқу жылы

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі мақсаты рухани адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту,оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Жыл басында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді.Осыған орай жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды. Сыныптарда сынып басшылары тағайындалды, сыныптарда Адал ұрпақ мүшелері тағайындалды, «қоғамдық тәртіп негізі,біздің таңдауымыз занды мемлекет » атты дөнгелек үстелдер,адал және сатылмайтын еңбек бейнесі атты сурет байқауы бастауыш сыныптар арасында өткізілді. Жауапты мұғалімдер өздеріне тиесілі іс-шараларды уакытымен өткізіп отырды.

Адал ұрпақ клубында 6  мұғалім, 46 оқушы бар. Адамгершілік және тәрбие бойынша «Адалдық – адамдықтың белгісі» атты   1-9 сыныптар аралығында сынып сағаты өткізілді . «Болашаққа адалдықпен қадам»  атты дөнгелек үстелді мектеп психологы А.Қ.Нурхожаева мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Н.Темирешова  өткізді.

«Қазақстан құқұкты мемлекет » айлығы бойынша сынып жетекшілер  сынып басшыларын тағайындады.  Тәрбие  ісінің меңгерушісі Н.Н.Темирешова «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы туралы мәлімдеме жасады. Тарих пәнінің мұғалімі Л.Шилдебаева  «Біздің тандауымыз занды мемлекет» атты дөнгелек үстел өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет байқауын өткізді. Әр сынып жетекшілері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойын өткізді.Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.

 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Н.Н.Темирешова  оқушыларды отансүйгіштікке,азаматтылыққа,адамның құқықтарына,бостандықтарына және мәіндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышында көрсетілетін ақпараттарды мектеп оқушыларына және ата-аналарды   ондағы құнды ақпараттармен таныстырды.Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады?» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ»  ерікті  мектеп   клубының жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ата-аналарға арналған дөңгелек үстел   жиналысы өтілді. Жиналысқа 5-9 сыныптын оқушыларының ата-аналары  қатысты. Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа,төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. «Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістіктерге жететіндеріне сенім білдіреміз.

Оқу жылының басында жоспарланған іс-шаралардың барлығы уақытылы өткізілді.





Директордың тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары                                                      Темирешова Н.Н.