2021-2022 оқу жылында жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының есебі » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының есебі
20
июнь
2022

2021-2022 оқу жылында жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының есебі

Алматы қаласы Білім басқармасы

 «Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған №10 жалпы білім беретін мектеп- интернаты» КММ

  1. 2021-2022 оқу жылында  жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының есебі


1 2021-2022 оқу жылына арналған оқу жоспары жасалынып, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы орынбасары К. Жумановпен келісілді.

ӘБ


Мерзімі

Тақырыбы

Жауапты

1

Гуманитарлық  пәндер бірлестігі

22.09 – 02.10.2021     ж

«Гуманитарлық  пәндерді оқытудың  инновациялық  технологияларын  пайдалану ерекшеліктері»

Нсанбаева Ж.П.

2

Жаратылыстану   бірлестігі

18.01 - 29.01.2022 ж

«Воспитание  познавательного  интереса к предметам  естественно-математического  цикла»

Матымова А.С.

3

Бастауыш сынып бірлестігі

15.02 -  26 .02.2022 ж

«Бастауыш сынып оқушыларының  танымдық әркетін ақпараттық  технология арқылы  қалыптастыру»

Оспанова Г.О.

4

Эстетикалық  пәндер бірлестігі

12.04. – 23.04.2022 ж


«Оқыту мен тәрбие  үдерісіндегі  тиімді әдіс –тәсілдерді  қолдану арқылы  оқушы бойындағы  білімді дамыту»

Жумабаев З.

5

Жас мұғалімдер

10.05 – 20. 05.2022 ж

«Жас мұғалімдер сайысы »  


Толегенова З.З.

Мұғалімдердің сағат жүктемелері бөлініп берілді. Мектеп бойынша 27 пән мұғалімі және 1 қосымша қызметкер бар. Сыныптарға сынып жетекшілері тағайындалып, бекітілді. Оқушылардың жаздық қозғалыс есебі жасалып, аудандық оқу бөліміне тапсырылды. Мектеп-интернатта оқу жылын 18 сынып (9 қазақ, 9 орыс), 228 оқушымен бастап 222 оқушымен аяқтады. Оқу жылының қорытындысы бойынша бірінші сыныпқа баға қорытылмады. 2-9 сынып аралығында 189 оқушының 18 оқушы оқу озаты (11%), 81 оқушы оқу екпіндісі (42%) жалпы білім сапасы мектеп бойынша 52% көрсеткішпен аяқтады. Оқу жылында кестеге сай пән бойынша онкүндіктер өткізілді. 


2.І тоқсан бойынша әкімшілік тарапынан сабақтарды бақылау жүргізіліп, оқушылардың сабаққа қатысуы, мұғалімдердің сабақ жүргізу деңгейі бақылауда ұсталды. 

  1. І тоқсан соңында оқушылардың І тоқсандағы қозғалыс есебі, үлгерім есебі жасалып, аудандық оқу бөліміне   уақытылы тапсырылып  отырды.
  2. Қазан айында ұстаздар арасында  ДОЖЖО А.У.Дуйсенбаев Күнделік жүргізу нұсқаулығы. ҚМЖ құрылымы атты семинар-тренинг өткізілді.
  3. Мектепішілік    олимпиадалар жалпы  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен  әдебиеті, география, физика, биология, математика, информатика, ағылшын тілі   пәндерінен өткізілді.
  4. Мектепішілік   олимпиадаға  жалпы саны - 28 оқушы қатысты.
  5. 2021-2022  оқу жылының  негізгі  оқу бағдарламасы 2016 жылғы   мемлекеттік   жалпыға міндетті  білім беру стандартына  сәйкес жасалынды.Пәндер бойынша барлық сыныптарда бағдарламаға сәйкес қашықтықтан оқыту жүргізіліп отыр.Айлық жоспар бойынша жеке пәндердің оқытылуы, оқушылардың сабаққа қатысуы, электрондық журналдың жүргізілуі әкімшілік тарапынан үнемі қадағалануда болып анықтама тіркеліп отырды.
  6. Оқушылардың  жеке іс-қағаздарының түгел болуы  тексеріліп, 5, 9- сынып жетекшілеріне іс-қағаздың   бірінші бетіндегі оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты  суреттері   ауыстырылуы қадағаланып,   орындалды. Сонымен қатар   мектеп-интернаты  қалалық болуына байланысты  қалада уақытша  тіркеуде тұрған   оқушылардың   мекен-жайы туралы анықтамалары жаңартылып салынды.
  7. 4-9  сынып  оқушыларының    ОЖСБ-ға  дайындық  шаралары   ұйымдастырылып.Негізгі  пәндерден  аптасына қосымша дайындық      жұмыстары онлайн түрінде   жүргізіліп отырды.  Әр уақытта   ОЖСБ-ға  дайындық  шараларын   күшейтілу шаралары жасаланып отырды.


  1.  26.04.- 30.04. 2022 жылы  аралығында  өткен   «Біз болашаққа жауаптымыз»  атты эколгиялық білім апталғы жоспарға сай өткізілді. Жауапты мұғалімдер мен тәрбиешілер әр түрлі іс-шараларға ат салысты. Жақсы қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен мараппатталды.




№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты   9- сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттау кестесі

Емтихан     тапсыратын пәндер

Сынып

Емтихан уақыты, мерзімі

Емтихан     комиссиясы төрағасы


Емтихан алушы мұғалім

Ассистенттер

1.

Қазақ тілі мен әдебиеті

(эссе)

9 «А»

№26 кабинет

28.05.2022 ж

сағ:9.00

Дуйсенбаев А.У.

Нсанбаева Ж.П.

Арғымбек М.

Нұртазаева К.

2.

Руский язык и литературе 

(эссе)

9 «Б» №25 кабинет

28.05.2022ж

сағ:09.00

Дуйсенбаев А.У.

Нурпейсова Р.М.

Темирешова Н.Н.

Толегенова А.

3.

Математика

(алгебра)

(жазбаша)

9 «А» №26 кабинет

31.05.2022ж

сағ:09.00

Дуйсенбаев А.У.

Әбдрахман М.

Қали Т.

Абдигазиева Г.К.

4.

Математика

(алгебра)

(письменно)

9 «Б» №25 кабинет

31.05.2022ж

сағ:09.00

Дуйсенбаев А.У.

Матымова А.С.

Шарипханова А.Е.

Шаршекенова Л.Ж

5.

Орыс тілі мен әдебиеті 

(жазбаша)

9 «А» №26 кабинет

03.06.2022ж сағ:09.00

Дуйсенбаев А.У.

Толегенова А.

Нурпейсова Р.М.

Темирешова Н.Н.

6.

Казахский язык и литература

(письменно)

9 «Б» №25 кабинет

03.06.2022ж

сағ:9.00

Дуйсенбаев А.У.

Нсанбаева Ж.П

.



Арғымбек М.

Нұртазаева К.

7.

Таңдау пәні (химия, биология, география, Қазақстан тарихы)

жазбаша

9 «А» №26 кабинет


06.06.2022ж

сағ:9.00

Дуйсенбаев А.У.

Абдигазиева Г.

Акынбаева Б.

Шілдебаева Л.

Әбдрахман М.

Қали Т.

Арғымбек М.

8.

Предмет по выбору (география, информатика)

9 «Б» №25 кабинет

06.06.2022ж

сағ:9.00

Дуйсенбаев А.У.

Шәршікенова Л.


Матымова А.

Нурпеисова Р.

Толегенова А.



                       Кесте бойынша қорытынды аттестаттау емтихандары  уақытымен өткізілді. Емтихан материалдары  аудандық оқу бөлімінен ережеге сай алынып отырылды. Емтихан кезінде   ешқандай ереже бұзушылық болмады,   емтиханға оқушылар толық уақытымен келіп,  берілген уақытта тапсырманы орындады. Емтихан хаттамасы  уақытында толтырылып, аудандық оқу бөліміне  жіберіліп  отырды.   Қорытынды аттестаттау емтихандарын   ойдағыдай  тапсырған 27 оқушыларға  педагогикалық  кеңестің шешімімен негізгі орта мектепті  бітіргендігі   туралы аттестат, 1 оқушыға негізгі орта мектепті  бітіргендігі   туралы үздік аттестат берілді.


ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША


         Мақсаты: Тәрбиеленушілердің жан-жақты дара қабілеттерін ашуға ықпал ету, жұмыстарға қатысу, құлшыныстарын арттыру,  ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, ұлт патриоттарын тәрбиелеу, салауатты өмір салтына баулу, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

2021-2022 оқу жылында мектеп-интернатта  тәрбие ісі бойынша жылдық жоспары жасалып,бекітілді. Әр тәрбиеші бекітілген айлық жоспар бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізілді.

Интернатымызда тәрбие жұмыстары тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне  сүйене отырып барлық  бағытта жұмыстар жүргізілді. 

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылып, белсенді жұмыстар атқарылуда. 

        Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және ұлт патриотын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін балалар мен жастарды өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу,  саяси және құқықтық санасын, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениетін, қоғамдағы  қатыгездік пен зорлық-зобылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру   мақсатында бірқатар іс – шаралар жүргізілді.

         Балалардың сабаққа қатысуын бақылау мақсатында қыркүйек айында сабақтан жиі қалған   балалар анықталып,  отбасылық жағдайымен танысу ұйымдастырылды.  

            Бірінші тоқсан бойынша «Бүгінгі күннің патриоты» «Мен ҚР-ның азаматымын»,«Қылмыс пен жаза» атты тәрбие сағаттарын 1-9 сынып тәрбиешілері айлық жлспарларына сай түгел өткізді.

        Оқу жылынан бастап әр сәрсенбі күні  ұлдар арасында, әр бейсенбі күні қыздар арасында жиналыстар өткізілетін болып бекітілген болатын. Жиналыс өз уақытысында жүргізіліп отыр.Жалпы интернатта мүлде тәртібі нашар, тәрбиеге көнбейтін бала жоқ. Алматы қаласы, Бостандық ауданы ІІБ-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы,полиця капитаны Р.М.Мақсутқызының қатысуымен ұлдар және қыздар   арасында жиналыс өткізілді. Жиналыста оқушыларға өз құқығы мен міндеттері және мектеп-интернатының заңына бағынуын ескертті.Раушан Мақсутқызының қатысуымен кейбір оқушылардың үйіне тұрмыстық жағдайын қарауға бірге барып, ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар суицидтің алдын алу мақсатында 5-9 сынып оқушыларымен бірқатар әңгімелер жүргізіліп тұрды. 

       Қыркүйек айында жоспарға сай бастауыш сынып оқушылары арасында «Жолда жүру ережелерін сақтаймыз!» атты айлық өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшілері мен тәрбиешілері бірігіп өткізді. Төмендегідей тақырыпта ашық сабақтар өткізілді:

  • «Жол атасы – бағдаршам» тақырыбында Г.А.Оспанова мен М.А.Арғымбек; 
  • «Жолда жүру ережелері» тақырыбында Р.Р.Шаймарданова мен Г.К.Абдиева;
  • «Көше тәртібі – өмір сүру тәртібі»  тақырыбында Абдалиева Д.Б. мен Г.Ж.Байборинова;
  • «Жолда жүру ережесі» тақырыбында З.З.Толегенова мен Э.Т.Кемелбекова;
  • «Бағдаршам белгілері» тақырыбында Ұ.С.Ратаева мен Р.Н.Узенова;
  • «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында Р.А.Умешова мен Г.К.Абдигазиева;
  • «Жол тәртібін жадыңда ұста!» тақырыбында Х.А.Апбозова мен Б.Т.Ақынбаева;

·«Мен және көше» тақырыбында К.Н.Омарова мен Г.К.Балабекова өткізді. Тәрбие сағаты өз мәнінде өтіп, оқушылар өздеріне керек көптеген мәліметтер алды. Аздаған кемшіліктер жеке айтылып, талқыланды. 

     Тіл мерекесіне орай қоғамдық-гуманитарлық бірлестігімен бірге «Тіл мерейі, ел мерей» атты сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, үздік деп танылған оқушылар маратапатталды. 

Ұздар күні қарсаңында мектеп-интернат оқушылары ұстаздарға онлайн форматта концерттік бағдарлама дайындады. Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

       Қала күніне орай мектеп қабырғасында  «Менің сүйікті қалам – Алматы»  атты апталықтың  арнайы бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. 

Сурет байқауы бойынша 7 «А» сынып оқушысы Даянқызы Азиманың жұмысы қалалаық кезеңге өтті. Барлық сынып белсенді қатысты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерімен бірлесе «Алтын доп» баскетбол ойыны, «Алматы кубогы» футбол жарысы ұйымдастырылып, өткізілді. 8,9- сыныптың оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.  2022 жылдың ақпан айында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Д.Тұрарбек пен А.Аманкуловтың ұйымдастыруымен  мектеп оқушылары арасында «Үздік шахматшы – 2022» байқауы өткізіліп, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнауы жүлделі орындармен марапатталды.

Халықаралық «Жанашыр» қорының ұйымдастыруымен «Патриоттық рух – басты құндылық» атты жобасы аясында  Бостандық ауданы бойынша «Қыршын кеткен қызғалдақтар» мәнерлеп оқу сайысы бойынша  7 «А» сынып оқушысы Аманбек Айнара мен 8 «А» сынып оқушысы  Еркінбай Ақниет жүлделі ІІІ орынды иеленсе,8 «А» сынып оқушылары Мирзадияр Томирис пен Әмірбек Атда алғыс хаттарымен марапатталды. Осы сайыста «Күй» номинациясы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Атагелді Тайлан жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

Рухани адамгершілік эстетикалық тәрбие бағытында

Алдымыздағы бүлдіршіндердің ел намысын қорғар азамат, жеке дара тұлға болып қалыптасуы тікелей бізге яғни педагогтарға байланысты екені анық. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту бағытында арнайы тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп жатыр. рухани-адамгершілік және этика – эстетикалық  ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру мақсатында:

«Адам болам десеніз»,«Әдептілік әдемілік»,«Сыйласа білейік» атты тәрбие сағаттарын 1-9 сынып тәрбиешілері өткізді.

            Отбасылық тәрбие бағытында 

Оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға сондай-ақ құрметтеуге  деген көз қарастарын және отбасы құндылықтары мен әдет – ғұрыптарын түсіндіре отырып, үйрету мақсатында,

«Мықты отбасы берік мемлекет», «Отбасындағы қарым-қатынас» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Экологиялық тәрбие бағыты бойынша 

Оқушыларды табиғатты аялап қорғауға, өз айналасын таза ұстауға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу мақсатында

«Біз таза қала үшін», «Су тіршіліктін көзі»,атты тақырыпта тәрбие сағаттарын сынып тәрбиешілері өткізді. Тәрбиешілердің онкүндігінде  «Что мы знаем о комнкомнатные растениях» атты тақырыпта 6 «б» сынып тәрбиешісі А.Р.Касеновнаның  өткізген сабағы көңілден шықты.


           Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аға тәлімгер А.Салимовтың    жетекшілігімен  жыл бойына оқушыларымыз Алматы мұражайына,   «Ә.Қастеев» мұражайына, Шымбұлақ мұз айдынына барып қайтты. Сонымен қатар мектеп инспекторы Р.М.Максутпен бірге Алматы қаласы ІІМ мұражайына экскурсияға барды. Оқушыларға рухани эстетикалық тәрбие беру мақсатында оқушыларымыз Мемлекеттік қуыршақ театрына барды.  

        Осы орайда гуманитарлық пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен ақпан айында ақиық ақын М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кеші жоғары деңгейде өткізілді.  Оқушыларымыз ақынның бірнеше өлеңдерін жатқа оқып сынға түсіп, үздік деп танылған оқушыларымыз арнайы жүлделі орындармен марапатталды.

          Наурыз айының 4 күні «Ана – өмірдің гүлі» атты мектепішілік шара өте жоғары деңгейде өткізілді. Үйірме жұмыстарының нәтижесі жақсы деңгейде екені байқалды. 

          Наурыз айындағы мерекемен тұспа-тұс келген тағы бір шара «Үздік тәрбиеші – 2022» байқауы болды. Бұл байқауда  тәрбиешілеріміз әртүрлі номинациялармен сынға түсіп, өздерінің жақсы маман екенін көрсетті. Жүлделі орындарға ие болған: Р.Н.Узенова, К.Қ.Джанаділова, Г.К.Абдыгазиева мен жас мамандарымыз Г.Болат пен А.Ақылтаева көрермен көзайымы болды. 

        2022 жыл мектеп оқушылары үшін олжалғы жыл болды. Атап айтсақ аудандық «М.Мақатаев оқулары»  байқауында 9 «А» сынып оқушысы Аббас Гүлдана ақын поэмаларын жатқа оқу бойынша бас жүлдемен марапатталса, 9 «А» сынып оқушысы Жандауов Нұрали өз шығармашылығы номинациясы бойынша І орынды иеленді. 8 «А» сынып оқушысы Еркінбай Ақниет осы номинация бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. 6 «А» сынып оқушысы Әлімғазы Айкүнім мен Әсеке Нұрсұлтан арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. 9 «А» сынып оқушылары Аббас Гүлдана мен Жандауов Нұрали қалалық кезеңге жолдама алып, аудан атын қорғап, Аббас Гүлдана қалалық кезеңде жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Жандауов Нұрали арнайы дипломмен марапатталды. 

       Жыр құлагері Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау бағытында ұйымдастырылған «І.Жансүгіров оқулары» байқауында 7 «А» сынып оқушылары Аманбек айнара мен Танкебай Елдана бас жүлделі бірінші орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Танкебай Айдана жүлделі ІІІ орынды місе тұтса, Жандауов Нұрали арнайы дипломмен марапатталды. 

     Ұлы фольклоршы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауында 8 «А» сынып оқушылары Мирзадияр Томирис, Әмірбек Аида, Дюсупова Мөлдір  жүлделі ІІІ орындармен марапатталса, Амангелді Нұрила І орынды иеленіп, қалалық байқауға жолдама алды. 

         Демеушілермен жұмыс. Жаңа жылдықіс-шараның өтуіне демеушілік жасаған демеушілерімізге оқушыларымыздың ұйымдастыруымен арнайы жаңа жылдық концерттік бағдарлама ұсынылды. Әр сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетуге тырысты. Сонымен қатар жаңа жылдық метекеде оқушыларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлай білген «Аяла» қайырымдылық қоры мен «Charity_wish_tree» қайырымдылық қорлары барлық мектеп оқушыларына арнайы сыйлықтарын табыстаған болатын. Мектеп-интернатымыздың бұрынғы түлектері де балаларға деген арнайы тәттілерін әкелуден таянбады. Бастауыш сыныптың барлық оқушыларына сыйлықтарын табыстады. 

        Үйірме жұмыстарына келетін болсақ

Бірінші тоқсан бойынша мектептегі үйірмелер   алдын ала қойылған кесте  бойынша уақтылы  жұмыс   істеді. Сондай-ақ үйірменің   жасаған жұмысы жалпы жаман емес. Дегенмен, оқушыларды үйірмеге  белсенді қатысуын қадағалау керек. Қазіргі таңда мектебімізде вокал, домбыра, бокс, би, гитара үйірмелері жүргізілуде. Осы мектеп ішіндегі үйірмелерге 195 оқушы қатысуда. Мектептен тыс «Чемпион» қорының ұйымдастыруымен триатлон спорт үйірмесіне 40 оқушы қатысса, 7 оқушымыз құрама топта қатысуда. Осы аталған үйірме бойынша жалпы интернаттар арасындағы 11.12.2021ж. күні өткен бірінші чемпионатта оқушыларымыз төмендегідей нәтижелер  көрсетті: 

Кіші топ

1 орын 4 "А" сынып оқушысы Әсеке Нұрсұлтан

2 орын 6 "А" сынып оқушысы Әлімғазы Айкүнім

2 орын 4 "А" сынып оқушысы Мұхтар Інжу;

3 орын 5 "Б" сынып оқушысы Конуспаев Амир

3 орын 4 "А" сынып оқушысы Әлімғазы Дияс

Үлкен топ

1 орын 8 "А" сынып оқушысы Дюсупова Мөлдір;

1 орын 6 "А" Әрипбекова Гүлнара

2 орын 6 "б" Нарыжная Нұрай;

2 орын 6 "б" Лысенко Полина;

3 орын 8 "А" Рахиева Нұрия

Болашақта алар асулары әлі жоғары екендеріне сенім білдіреміз.

Арман-мақсатың айқын және соған сай еңбегің болса, мінезіңде табандылық пен қайсарлық деген қасиеттер табылса, әлі талай шыңдарға шығатындарына  сенемін. Чемпионат бойынша қорытынды  жарыс  20.05..2022ж.   өткізілетін болады. 

         Хореография , вокал, домбыра би үйірмелерінің жұмыстары мектепішілік дәстүрлі іс-шараларда байқалды. Оқушылардың деңгейі жоғары деңгейде деп айта аламын. Оған дәлел Бостандық ауданы бойынша өткен «Наурыз ән-жырым» байқауында 6 «А» сынып оқушысы Атагелді Тайлан «музыкалық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, қалалық байқауда жүлделі І орынды иеленді. «Наурыз ән-жырым» байқауының хореография бағытында «Шұғала»  ансамблі бас жүлдені алып, қалалық байқауда жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

         

         



Директор м.а.  Дуйсенбаев А.У.