"Балдырған" бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Балдырған" бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті
23
апрель
2021

"Балдырған" бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті

Бүгін, мектеп-интернат бойынша «Nur Otan» партиясының  Бостандық аудандық филиалы"Балдырған" бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

✅2019 жылдың аяғынан бүгінгі күнге дейін дүниежүзінде орын алған  қиын- қыстау  кезең  біздің елімізді де айналып өтпеді. Осындай қиын кезеңде партия тарапынан түрлі жұмыстар өткізілді.
2019 жылдың тарихи жетістіктерінің бірі Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы болғаны белгілі. Осы бағытта қаншама сайлауалды шараларға қатысып, ауқымды іс-шаралар атқарылды. Партия мүшелері сайлау кезінде бақылаушы және сенімді өкіл ретінде нақты жұмыстар атқарды және өз таңдауларын жасап, дауыс беруге атсалысты.
Партияның негізгі бағыттары: 

 1. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «1 қазан -Халықаралық қарттар күні» мерекесі қарсаңында тағылымы мол кездесулер өткізілді.

 2. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы іске асырылды;

3. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында отбасыларға түрлі көмектер көрсетілді;
 4. Қоғамдық қабылдау жұмыстары жүргізілді;
 5. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында түрлі іс-шаралар, сайыстар өткізілді;Күн тәртібі бойынша «Nur Otan» партиясының Бостандық аудандық филиалының XXVIІI есеп беру-сайлау конференциясына делегат  сайланды.