ТАБЫСТЫ ҰСТАЗ-ТАБЫСТЫ ОҚУШЫ » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТАБЫСТЫ ҰСТАЗ-ТАБЫСТЫ ОҚУШЫ
09
январь
2023

ТАБЫСТЫ ҰСТАЗ-ТАБЫСТЫ ОҚУШЫ

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай “Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға - оқу керек, күшті болуға-бірлік керек, бай болуға-кәсіп керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек”.Бүгінгі қоғам-тынымсыз білім алып, үнемі алда болуды талап етеді.

Зер салып қарасақ, интернет жүйесіндегі секунд сайынғы болып жатқан өзгерістер-күллі адам баласының санасында өзіндік өзгерістердің орын алуына себепші болуда.

Осындай үздіксіз дамуды талап еткен заманда ұстаздардың жауапты еңбегіне тағы да бір салмақ түседі. Ол-трендтен қалмай, балаларды білімге қызығушылығын қалыпта ұстау.
Ол үшін ұстаздар да үнемі өз-өздерін жетілдіріп отыруы шарт.
Осы мақсатпен бүгін мектеп-интернатымызда ұстазымыз Омбаева Айгүл Төленқызының ұйымдастыруымен “Табысты оқыту және табысты мұғалім” тақырыбында семинар-коучинг өтті.

Семинар-коучинг барысында ұстаздарымыз түрлі тапсылмалар орындап, бір-бірімен тәжірибе бөлісті.