ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ТҰЛҒА » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2021

ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ТҰЛҒА

ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ТҰЛҒА

✅Мұқағали  атын естігенде іштей өлеңдерін қайталамайтын қазақ жоқ болса керек. Себебі, ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағали атамыздың әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алды. Сондықтан да осындай ақынына халқы «Ғасыр ақыны» деген ат берді.
✅ Ақынның сөзі мәңгілік. ⠀ Осы жылы, Мұқағалидің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді. Сол арада "Мәңгілік ел" қорының ұйымдастыруымен "Жырлайды жүрек" атты байқау ұйымдастырылып, мектеп оқушылары жүлделі орындарды алды. Үздік деп танылған жұмыстар "Мұқағали мұрасы" жинағына басылып шығарылды.

Осы арада 7 "Б" сынып оқушысы Зоргара Дананы құттықтаймыз.



Поэзиямен ұластырдың жыр ағысын,
Елімнің қыраны һәм шынарысың,
Ұланы үшін тер төккен қазағымның, 
Мәңгілікке сөнбейтін шырағысың.

Ешқашан жақтамадың бедел ісін,
Себебі сен биіксің, өрелісің.
Біз сынды ағып жатқан жас бұлақтың,
Сарқылмайтын өзендей өреңісің.

Қалмас үшін намыс құлап, ар сүрініп,
Кеудеңе өлең біткен, ән сұғылып.
Ұлты үшін ұлы болып қалған тұлға,
Жәннаттан бол Мұқағали Мақатаев.


Зоргара Дана



г.ггЗ