ҚОҒАМДЫҚ – ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚОҒАМДЫҚ – ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
05
октябрь
2021

ҚОҒАМДЫҚ – ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

2021-2022 оқу жылы 22 қыркүйек -02 қазан аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік апталығы жоспарлы түрде жүргізілді.

Онкүндіктің тақырыбы:«Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы»

Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың

функционалды сауаттылығын арттыру,сабақта алған білімдерін дамыту.


2021-2022 оқу жылы көлемінде 22 қыркүйек  -  02 қазан аралығында  гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік апталығы жоспарлы түрде өз жұмысын аяқтады. Апталықтың ашылуынан бастап, ашық сабақтар мен жоспарланған іс-шаралар легі белсенді әрі жауапкершілікпен өтті. Аптаның бірінші күні А.Ш.Тулегенова «Қазақ радиосының сандуғашы»  тақырыбында тілші-журналист Сауық Жақановамен кездесу кешін өткізді. Кездесу кешіне оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.  Танымдық кешке  басқа пән мұғалімдері де қатысып, өздеріне қажетті ақпараттар алып,  тәжірибелерін жинақтады. Келесі күні ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.М.Нұртазаева 8  «Б» сыныбымен өткізді. «Досыма сыйлық сыйлаймын» деп аталатын бұл тақырыпты оқушылар толықтай түсініп, жақсы игеріп алды. Оған дәлел барлық сыныптың қойылған қорытынды сұрақтарға жылдам әрі қатесіз жауап беруі болды. Келесі ашық сабақты тарих пәнінің мұғалімі Л.С.Шілдебаева 5 «А» сыныппен «Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен еңбек құралдарының жетілдіруі» тақырыбында өткізді. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Адамдардың шаруашылық өміріндегі еңбек құралдары туралы  өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырмаларды берілген уақытында орындап отырды.  Аптаның ортасында ағылшын тілі пәні мұғалімдері А.Ж.Көмекова, Д.М.Анафина және Г.Әшірәлінің   ұйымдастыруымен  «Polyglot»  атты сыныптан тыс сабақ  өткізілді. Іс-шара үш тілде сайыс түрінде өткізілді. Сайыста   6-7 сынып оқушылары белсенді қатысып, үш тілді қаншалықты меңгергендерін көрсете білді. Апталықты одан ары қарай Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Н.Туғанбаеваның «Бес құндылық» тақырыбында мұғалімдер арасында өткізілген тренингі жалғастырды. Тренингте мұғалімдер құндылықтарды сабақ барысында қолдана отырып, оқушыға меңгертуде өз білімдерін одан әрі дамыта түсті. Онкүндіктің жалғасын Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Т.Аманның 7 «А» сыныбымен «Көшпелілердің жазуы» тақырыбында өткізілген ашық сабағы жалғастырды. Сабақты қорытындылау барысында ашық сабаққа қатысқан пән мұғалімдері оң бағасын берді. Кеткен кемшіліктер ескеріліп, ұсыныстар айтылды. Кеткен кемшіліктер ескеріліп, ұсыныстар айтылды.  Онкүндіктің жалғасын тарих пәні мұғалімі   С.Н. Тлеуованың 6 «Б»  сыныппен ұйымдастырған «Атлахская битва» тақырыбындағы ашық сабағымен жалғасты. Ашық сабаққа барлық пән мұғалімдері қатысып, сабақ жөнінде өз пікірлерін білдірді. Келесі  іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.М.Нурпейсова «Язык мой – друг мой» тақырыбында 6 «Б» сыныбымен сыныптан тыс сабақ өткізді Онкүндікті ары қарай ағылшын пәні мұғалімдерінің өздерінің ашық сабақтарымен жалғастырды. А.Ж.Көмекова 9 «А» сыныбымен «Exercise and sports» тақырыбында, Д.М.Анафина «Families» тақырыбында 4 «Б» сыныбымен ашық сабақтар өткізді.  Екі пән мұғалімдерінің ашық сабағы жақсы деңгейде өтті.  Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақ өту барысында мұғалімнің өзін ұстауы, оқушыларға сабақты жақсы түсіндіре алуы биыл келген жас маман үшін қуантарлық жайт болды. Сабақ соңында ашық сабаққа қатысқан пән мұғалімдерімен сабақ талқыланды, ұсыныстар айтылды. 

Онкүндіктің соңғы күндерін Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз жұмыстарымен толықтырды. Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында Ыбырай оқуларын өткізді. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың өлең оқуы, автордың өлеңдеріне деген құрметі өлеңді сезініп, образға кіріп оқуынан байқалды. Байқау соңында орын алған оқушылар марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. 

 Аптаның соңын тарих пәнінің мұғалімі Л.С.Шилдебаеваның сыныптан тыс сабағы қорытындылады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіз тұғырым» тақырыбында 7 «А» сыныбымен сабақтан тыс  сабағы өткізілді. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыра алды. Сабақ қорытындылауда кемшіліктер айтылып, ұсыныстар енгізілді. 

Онкүндіктің   жабылу салтанатында  ашық сабақтарға белсенді қатысқан және  үздік өлең оқыған, танымдық байқауға қатысқан мектеп оқушылары мадақтау қағазы мен арнайы сертификаттармен  марапатталды.

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы жоспарланған мақсаттарына жетіп,міндеттерін толық атқарды.