ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2020

ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ

ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ

3 наурыз күні мектеп-интернатымыздың қабырғасында ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған кеш өтті.

Кеште Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті,  Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, "Абайтану" оқулығының авторы Зайкенова Руда Зайкенқызы және "Арман-ПВ" баспасының редакторы  Бекболатова Айгуль Нурмукашевна қонақта болды.

Кеш қонақтары Абай атамыздың өмірінен қызықты деректер мен ақынның еңбектеріндегі түпкі мақсатты дәріптеп айтып өтті.

 Оқушыларымыз өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, таптырмас білімнің нәрімен сусынданып, біраз керекті дүниені білді.

Мысалы, Абайдың еңбектері алғашында кімнің атынан жарық көрді? 

 Неше жасында "әке" атанды? 

 Неше жасында "ата" атанды? 

 Неше жасынан өлеңдер жаза бастады?

Біз көп көңіл бөле бермейтін дүниелер қаншама? 

 "Білім-инемен құдық қазғандай",- дейді. Сол секілді осындай кездесулерде 1000 жыл жауабын таппай жүрген сұрақтарымыздың жауабын тауып алуға үлкен мүмкіндік бар екен.



Похожие публикации: