ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
22
май
2021

ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

                                                            
        22.05.2021 жылы 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы болып өтті.  
Ата-аналар жиналысының мақсатыата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету.

            Жалпы жиналыс екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімінде жалпы (сынып жетекшінің ата-анамен жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылауы: 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші) жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері және т. б.) жөнінде сөз қозғалды.


            2 бөлімде — ата-аналарды ZOOM платформасына кезек-кезек қосу арқылы педагогтермен жеке сөйлесуіне мүмкіндік ұйымдастырылып, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
           Сондай-ақ, педагогикалық консилиумге педагог-психолог, әлеуметтік педагог қатысты.

           Жиналыс барысында ата-аналар өздері тарапынан жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтып сәттілік тіледі.
 
Адамның адамшылдығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы