Мұғалімдер - №10 школ интернат. город Алматы http://internat-10.alschool.kz/ ru Мұғалімдер - №10 школ интернат. город Алматы DataLife Engine «Ұстазыма мың тағзым!» атты мерекелік кеш өтті http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/3252-stazyma-my-tazym-atty-merekelk-kesh-tt.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/3252-stazyma-my-tazym-atty-merekelk-kesh-tt.html «Ұстазыма мың тағзым!» атты мерекелік кеш өтті]]> 2022 жылы қыркүйек айының 29 жұлдызы күні ұстаздар мерекесі қарсаңында мектеп-интернатымызда «Ұстазыма мың тағзым!» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кеш мектеп-интернатымыздың директор м.а. Дүйсенбаев Аманқос Урметовичтың мерекелік құттықтау сөзімен басталды. Аманқос Урметович өз сөзінде ұстаздық етудің ұлт алдында үлкен аманатты қызмет екендігін айтып, өз алғысын білдірді.



Мереке мектеп-интернатымыздың өнерлі білім алушыларының арнайы дайындаған тосын сыйларымен жалғасты. Әсем әуен, тәтті күй және мың бұралған биші қыздарымыз ұстаздарымыздың көңілін көтеріп, естен кетпес бір сезім сыйлады.

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын ниетімізден құттықтаймыз. Сіздер – бүтіндей бір ұлтты тәрбиелеп отырған асыл адамдарсыздар. Осы жолда сіздерге шығармашылық шабыт пен, талмас талпыныс тілейміз. Бастысы-өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз сөнбесін. Сүйіспеншілік болған жерде адамзатқа тиісілі барлық асыл құндылықтар қатар жүретіні бәрімізге айтпай-ақ белгілі болса қажет.

]]>
admin Thu, 29 Sep 2022 16:17:18 +0600
Кенжеханова Әйгерім Кенжебекқызы http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/3190-kenzhehanova-jgerm-kenzhebekyzy.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/3190-kenzhehanova-jgerm-kenzhebekyzy.html ]]> Кенжеханова Әйгерім Кенжебекқызы

"Мақсатым: ұлт болам десең бесігіңді түзе демекші, балаға жастайынан дұрыс  жол көрсетіп, дұрыс тәрбие беру. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді  - тілін, дінін, әдет – ғұрпын, салт- санасын, дәстүрін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз."

Әйгерім Кенжебекқызы

Кенжеханова Әйгерім Кенжебекқызы 1998 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылында дүниеге келген.

Туған жылы, айы, күні: 23,05,1998 жыл

Білімі: жоғары

2015-2019 Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, психология мамандығы (бакалавр дипломы)

Еңбек өтілі: 1 жыл

Дәрежесі: әлеуметтік ғылым бакалавры

Қызығушылығы: сурет салу, спортпен айналысу, кітап оқу

Ұстанымы: 

Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,

Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

(Абай)

Ұстанатын қағидалары: Тәртіп, шындық, жауапкершілік.

Жетістіктері:

2015 жылы жасөспірімдер арасында өткен облыстық дзюдо турнирінен 2 орын.

2016 жылы 1998 - 1996 жылы жасөспірімдер арасында өткен турнирден КМС ( спорт шеберлігіне үміткер ) ие болған.

2014- 2015 жылы волейбол және баскетбол жарысынан өткен жасөспірімдер арасында 1 орын.

2016 жылы « Әйел болып туған қандай бақыт» атты 36 сағаттық тренингке қатысқаны жөніндегі сертификат.

2017 жылы « Бақытты отбасы бақытты балалар» атты 72 сағаттық тренингке қатысқаны жөнінде сертификат.



]]>
admin Wed, 17 Feb 2021 16:55:17 +0600
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ШАРІПХАНОВА АҚБОТА ЕРЛАНҚЫЗЫ http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/3173-informatika-pnn-malm-sharphanova-abota-erlanyzy.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/3173-informatika-pnn-malm-sharphanova-abota-erlanyzy.html ]]> "Мақсатым – оқушылардың алған білімін өмірде пайдалану, оқушының білімге деген құштарлығын арттыру."
Шаріпханова А.Е





Шаріпханова Ақбота Ерланқызы 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келген.
Туған жылы, айы, күні: 14.02.1994 жыл.
Білімі: жоғары, 2011-2015 ҚазМемҚызПУ физика – математика факультеті, информатика мұғалімі (бакалавр дипломы)
Еңбек өтілі: 6 жыл 
Дәрежесі : Педагог-модератор
Қызығушылығы: музыка,белсенді демалыс, фильмдер.


Ұстанымы:
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз...
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз... 
Абай.
Ұстанатын қағидалар: Тәртіптілік, сыйластық.


Біліктілігін арттыру курстары мен сертфикаттары:
1. 2015 жылы, ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог катрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша 3 кредит, 135 академиялық сағат көлеміндегі курсын тәмамдаған.
 
 
2. 2016 жылы, «Назарбаев Зияткерлік» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын тәмамдаған.



3. 2018 жылдың 4 қыркүйек – 28 қараша аралығында «ХХІ ғасыр педагогы» біліктілікті арттыру бағдарламасының 220 сағаттық В2 деңгейіндегі ағылшын тілі курсын тәмамдаған.

]]>
admin Fri, 08 Jan 2021 22:07:22 +0600
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Темирешова Нұргүл Насебенқызы http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/3168-aza-tl-zhne-debiet-pnn-malm-temireshova-nrgl-nasebenyzy.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/3168-aza-tl-zhne-debiet-pnn-malm-temireshova-nrgl-nasebenyzy.html ]]> Мақсатым – ұлт ұланын тәрбиелеу, 
Шәкіртті шұғылалы шыңға демеу. 
Даналықты дарытып жүрсем деймін,
Баланың әз жанына болып демеу. 



Темирешова Нургул Насебенкызы 1994 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жұбан Молдағалиев ауылында дүниеге келген.
Туған жылы, айы, күні: 01.10.1994 жыл Білімі: жоғары
2012-2016 ҚазМемҚызПУ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (бакалавр дипломы)
 2017-2019 ҚазМемҚызПУ қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі)
 Еңбек өтілі: 5 жыл
Дәрежесі :сарапшы
Қызығушылығы: музыка, домбыра, әдеби кітаптар.
Ұстанымы: Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұстанатын қағидалар: Адалдық , тәртіп, шындық.

Жетістіктері:

1. «Altynbas» ЖШС компаниясының ІІІ дәрежелі тренер дәрежесі сертификаты – 2016 жыл2. «Латын графикасын оқытудағы ерекшеліктер» атты Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті мен Түрік ғалымдарының ұйымдастыруымен өткен 72 сағаттық  семинарға қатысқанын растайтын сертификат. 2019 жыл.3. «Латын графикасы және қазақ жазуы» атты ҚазМемҚызПУ –дың профессоры А.А:Сатбекованың 72 сағаттық семинарына қатысқанын растайтын сертификат. 2018 жыл.
4. «Izdenis» республикалық оқытушылар порталы А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтымен бірігіп өткізген «Латын графикасы- қазақ тілінің халықаралық дамуына жол ашады» тақырыбындағы ғылыми жоба конкурсының І дәрежелі сертификаты мен дипломы берілді. (2019 жыл)
5. Алматы қаласы, Бостандық аудандының білім бөлімінен жемісті еңбегі үшін алғыс хат берілді.(2018 жыл)
6. ҚР тұңғыш Президенті- Елбасы қоры сыйлығының иегері Martebe.kz білім порталы ұйымдастырған ІІ Республикалық «Қара өлеңнің құлагері» атты конкурсқа дарынды шәкірттерін дайындағаны үшін арнайы алғыс хат. 2017 жыл.
7. Ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектеп мұғалімдері арасында өткізілген «Өлең -  сөздің патшасы, сөз сарасы» атты қалалық байқауға қатысқаны үшін алғыс хат. 2020 жыл.
8. Шәкірті Аббас Гүлдана 2020 жылы Бостандық ауданы бойынша өткен «Мұқағали оқуы» байқауының Бас жүлдегері.
9. Шәкірті Аббас Гүлдана 2020 жылғы Алматы қаласы бойынша өткен 7-11 сынып оқушылары арасында өткен «Мұқағали оқуының» ІІІ орын жүлдегері.
10. Шәкірті Әлімғазы Айкүнім 2020 жылы Бостандық ауданы бойынша өткен 1-4 сынып оқушылары арасындағы  «Мұқағали оқуы» байқауының Бас жүлдегері.
11. Шәкірті Әлімғазы Айкүнім  2020 жылы Алматы қаласы бойынша өткен  1-4 сынып оқушылары арасындағы  «Мұқағали оқуы» байқауының ІІ орын жүлдегері.
12. 6 «А» сынып оқушысы Аманбек Айнара Республикалық «Мейірім -2020» байқауының ІІ орын жүлдегері.
13. Нұртай Бегарыс  2020 жылы Бостандық ауданы бойынша өткен  1-4 сынып оқушылары арасындағы  «Мұқағали оқуы» байқауының ІІІ орын жүлдегері.
14. 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық «Білімнің бір биігі – үш тілділік» көптілді поэзия байқауында 5 «Б» сынып оқушысы Фролова Милана жүлделі ІІІ орынға ие болды.
15. 2019 жылы өткен аудандық «Мағжан оқуы» байқауында шәкірті Аманбек Айнара І орынға ие болды.

]]>
admin Mon, 21 Sep 2020 12:30:36 +0600