Әдістемелік жұмыстар - №10 школ интернат. город Алматы http://internat-10.alschool.kz/ ru Әдістемелік жұмыстар - №10 школ интернат. город Алматы DataLife Engine ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ http://internat-10.alschool.kz/main/3255-zharatylystanu-matematika-pnder-brlestgn-onkndg-bastaldy.html http://internat-10.alschool.kz/main/3255-zharatylystanu-matematika-pnder-brlestgn-onkndg-bastaldy.html ]]> Эксперименталды физиканың негізін қалаушы, астроном, философ және математик Галилео Галилейді білесіз бе? 

Ғалым әлемді математика тілімен бейнеленген деседі. Жалпы айналаға қарасақ біз байқамайтын маңызды сандар мен формулалар өте көп.

 Оның бәрін түсіне беру мүмкін емес Дегенмен, бұл бағытта сауаттылық бәрімізге қажет. Осы негізде бүгінде мектеп-интернатымызда жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің онкүндігі өтуде. 

Ұстаздарымызға сәттілік тілейміз.]]>
admin Mon, 16 Jan 2023 11:22:00 +0600
ТАБЫСТЫ ҰСТАЗ-ТАБЫСТЫ ОҚУШЫ http://internat-10.alschool.kz/main/3256-tabysty-staz-tabysty-oushy.html http://internat-10.alschool.kz/main/3256-tabysty-staz-tabysty-oushy.html Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай “Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға - оқу керек, күшті болуға-бірлік керек, бай болуға-кәсіп керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек”.Бүгінгі қоғам-тынымсыз білім алып, үнемі алда болуды талап етеді.]]> Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай “Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға - оқу керек, күшті болуға-бірлік керек, бай болуға-кәсіп керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек”.Бүгінгі қоғам-тынымсыз білім алып, үнемі алда болуды талап етеді.

Зер салып қарасақ, интернет жүйесіндегі секунд сайынғы болып жатқан өзгерістер-күллі адам баласының санасында өзіндік өзгерістердің орын алуына себепші болуда.

Осындай үздіксіз дамуды талап еткен заманда ұстаздардың жауапты еңбегіне тағы да бір салмақ түседі. Ол-трендтен қалмай, балаларды білімге қызығушылығын қалыпта ұстау.
Ол үшін ұстаздар да үнемі өз-өздерін жетілдіріп отыруы шарт.
Осы мақсатпен бүгін мектеп-интернатымызда ұстазымыз Омбаева Айгүл Төленқызының ұйымдастыруымен “Табысты оқыту және табысты мұғалім” тақырыбында семинар-коучинг өтті.

Семинар-коучинг барысында ұстаздарымыз түрлі тапсылмалар орындап, бір-бірімен тәжірибе бөлісті.
]]>
admin Mon, 09 Jan 2023 11:48:42 +0600
МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ САРАПТАМАСЫ http://internat-10.alschool.kz/main/3210-memlekettk-attestattau-saraptamasy.html http://internat-10.alschool.kz/main/3210-memlekettk-attestattau-saraptamasy.html 2022 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ САРАПТАМАСЫ]]> Мемлекеттік аттестаттау сараптамасының қорытындысын көру үшін келесі сілтемеге өтіңізhttps://drive.google.com/file/d/1K2W1HYqgpX4Ac66I1Tb4Vzwkw3dWL2EH/view?usp=sharing
Қосымша: https://cloud.mail.ru/public/oX6n/86pRozwxW
]]>
admin Sat, 09 Apr 2022 14:17:16 +0600
ДӘСТҮРЛІ ТРИАТЛОН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ http://internat-10.alschool.kz/main/3205-dstrl-triatlon-chempionaty-tt.html http://internat-10.alschool.kz/main/3205-dstrl-triatlon-chempionaty-tt.html 2021 жылдың 11 желтоқсанында жәл сайын өтетін триатлон спорт түрінен сайыс болып өтті. Сайысқа мектеп-интернатымыздың оқушылары зор қызығушылықпен қатысты. 

]]>
ДӘСТҮРЛІ ТРИАТЛОН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

2021 жылдың 11 желтоқсанында жәл сайын өтетін триатлон спорт түрінен сайыс болып өтті. Сайысқа мектеп-интернатымыздың оқушылары зор қызығушылықпен қатысты. 

Сайыс нәтижесі бойынша біздің оқу орнымыз «Сортивный характер»   наминациясын жеңіп алды, ал оқушыларымыздың көрсеткіші келесідей:

КІШІ ТОП:

1 орын – Әсеке Нұрсұлтан;

2 орын – Әлімғазы Айкүнім;

2 орын – Мұхтар Інжу;

3 орын – Конуспаев   Амир;

3 орын – Әлімғазы Диас

ҮЛКЕН ТОП:

1 орын – Дюсупова Мөлдір;

1 орын – Әрипбекова Гулнара;

2 орын – Нарыжная Нурай;

2 орын – Лысенко Полина;

3 орын – Рахиева Нұрия;

Мектеп-интернат оқушыларына осындай мүмкіндік берген «CHAMPION» қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз.

        Оқушыларымызды жетістіктерімен шын ниетімізбен құттықтап, алда одан да биік жетістіктерге жетуіне тілектестігімізді білдіреміз.


]]>
admin Mon, 13 Dec 2021 17:30:05 +0600
ҚОҒАМДЫҚ – ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ http://internat-10.alschool.kz/main/3206-oamdy-gumanitarly-pnder-dsteme-brlestg-aptalyy-tt.html http://internat-10.alschool.kz/main/3206-oamdy-gumanitarly-pnder-dsteme-brlestg-aptalyy-tt.html 2021-2022 оқу жылы 22 қыркүйек -02 қазан аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік апталығы жоспарлы түрде жүргізілді.

]]>
2021-2022 оқу жылы 22 қыркүйек -02 қазан аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік апталығы жоспарлы түрде жүргізілді.

Онкүндіктің тақырыбы:«Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы»

Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың

функционалды сауаттылығын арттыру,сабақта алған білімдерін дамыту.


2021-2022 оқу жылы көлемінде 22 қыркүйек  -  02 қазан аралығында  гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік апталығы жоспарлы түрде өз жұмысын аяқтады. Апталықтың ашылуынан бастап, ашық сабақтар мен жоспарланған іс-шаралар легі белсенді әрі жауапкершілікпен өтті. Аптаның бірінші күні А.Ш.Тулегенова «Қазақ радиосының сандуғашы»  тақырыбында тілші-журналист Сауық Жақановамен кездесу кешін өткізді. Кездесу кешіне оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.  Танымдық кешке  басқа пән мұғалімдері де қатысып, өздеріне қажетті ақпараттар алып,  тәжірибелерін жинақтады. Келесі күні ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.М.Нұртазаева 8  «Б» сыныбымен өткізді. «Досыма сыйлық сыйлаймын» деп аталатын бұл тақырыпты оқушылар толықтай түсініп, жақсы игеріп алды. Оған дәлел барлық сыныптың қойылған қорытынды сұрақтарға жылдам әрі қатесіз жауап беруі болды. Келесі ашық сабақты тарих пәнінің мұғалімі Л.С.Шілдебаева 5 «А» сыныппен «Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен еңбек құралдарының жетілдіруі» тақырыбында өткізді. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Адамдардың шаруашылық өміріндегі еңбек құралдары туралы  өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырмаларды берілген уақытында орындап отырды.  Аптаның ортасында ағылшын тілі пәні мұғалімдері А.Ж.Көмекова, Д.М.Анафина және Г.Әшірәлінің   ұйымдастыруымен  «Polyglot»  атты сыныптан тыс сабақ  өткізілді. Іс-шара үш тілде сайыс түрінде өткізілді. Сайыста   6-7 сынып оқушылары белсенді қатысып, үш тілді қаншалықты меңгергендерін көрсете білді. Апталықты одан ары қарай Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Н.Туғанбаеваның «Бес құндылық» тақырыбында мұғалімдер арасында өткізілген тренингі жалғастырды. Тренингте мұғалімдер құндылықтарды сабақ барысында қолдана отырып, оқушыға меңгертуде өз білімдерін одан әрі дамыта түсті. Онкүндіктің жалғасын Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Т.Аманның 7 «А» сыныбымен «Көшпелілердің жазуы» тақырыбында өткізілген ашық сабағы жалғастырды. Сабақты қорытындылау барысында ашық сабаққа қатысқан пән мұғалімдері оң бағасын берді. Кеткен кемшіліктер ескеріліп, ұсыныстар айтылды. Кеткен кемшіліктер ескеріліп, ұсыныстар айтылды.  Онкүндіктің жалғасын тарих пәні мұғалімі   С.Н. Тлеуованың 6 «Б»  сыныппен ұйымдастырған «Атлахская битва» тақырыбындағы ашық сабағымен жалғасты. Ашық сабаққа барлық пән мұғалімдері қатысып, сабақ жөнінде өз пікірлерін білдірді. Келесі  іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.М.Нурпейсова «Язык мой – друг мой» тақырыбында 6 «Б» сыныбымен сыныптан тыс сабақ өткізді Онкүндікті ары қарай ағылшын пәні мұғалімдерінің өздерінің ашық сабақтарымен жалғастырды. А.Ж.Көмекова 9 «А» сыныбымен «Exercise and sports» тақырыбында, Д.М.Анафина «Families» тақырыбында 4 «Б» сыныбымен ашық сабақтар өткізді.  Екі пән мұғалімдерінің ашық сабағы жақсы деңгейде өтті.  Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақ өту барысында мұғалімнің өзін ұстауы, оқушыларға сабақты жақсы түсіндіре алуы биыл келген жас маман үшін қуантарлық жайт болды. Сабақ соңында ашық сабаққа қатысқан пән мұғалімдерімен сабақ талқыланды, ұсыныстар айтылды. 

Онкүндіктің соңғы күндерін Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз жұмыстарымен толықтырды. Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында Ыбырай оқуларын өткізді. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың өлең оқуы, автордың өлеңдеріне деген құрметі өлеңді сезініп, образға кіріп оқуынан байқалды. Байқау соңында орын алған оқушылар марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. 

 Аптаның соңын тарих пәнінің мұғалімі Л.С.Шилдебаеваның сыныптан тыс сабағы қорытындылады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіз тұғырым» тақырыбында 7 «А» сыныбымен сабақтан тыс  сабағы өткізілді. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыра алды. Сабақ қорытындылауда кемшіліктер айтылып, ұсыныстар енгізілді. 

Онкүндіктің   жабылу салтанатында  ашық сабақтарға белсенді қатысқан және  үздік өлең оқыған, танымдық байқауға қатысқан мектеп оқушылары мадақтау қағазы мен арнайы сертификаттармен  марапатталды.

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы жоспарланған мақсаттарына жетіп,міндеттерін толық атқарды.


]]>
admin Tue, 05 Oct 2021 14:15:28 +0600
ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ http://internat-10.alschool.kz/main/3196-zhalpyrespublikaly-ata-analar-zhinalysy-tt.html http://internat-10.alschool.kz/main/3196-zhalpyrespublikaly-ata-analar-zhinalysy-tt.html 22.05.2021 ж. жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.]]>                                                             
        22.05.2021 жылы 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы болып өтті.  
Ата-аналар жиналысының мақсатыата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету.

            Жалпы жиналыс екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімінде жалпы (сынып жетекшінің ата-анамен жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылауы: 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші) жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері және т. б.) жөнінде сөз қозғалды.


            2 бөлімде — ата-аналарды ZOOM платформасына кезек-кезек қосу арқылы педагогтермен жеке сөйлесуіне мүмкіндік ұйымдастырылып, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
           Сондай-ақ, педагогикалық консилиумге педагог-психолог, әлеуметтік педагог қатысты.

           Жиналыс барысында ата-аналар өздері тарапынан жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтып сәттілік тіледі.
 
Адамның адамшылдығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы

]]>
admin Sat, 22 May 2021 15:27:43 +0600
"Балдырған" бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/3193-baldyran-bastauysh-partija-jymyny-esep-beru-sajlau-zhinalysy-tt.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/3193-baldyran-bastauysh-partija-jymyny-esep-beru-sajlau-zhinalysy-tt.html ]]> Бүгін, мектеп-интернат бойынша «Nur Otan» партиясының  Бостандық аудандық филиалы"Балдырған" бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

✅2019 жылдың аяғынан бүгінгі күнге дейін дүниежүзінде орын алған  қиын- қыстау  кезең  біздің елімізді де айналып өтпеді. Осындай қиын кезеңде партия тарапынан түрлі жұмыстар өткізілді.
2019 жылдың тарихи жетістіктерінің бірі Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы болғаны белгілі. Осы бағытта қаншама сайлауалды шараларға қатысып, ауқымды іс-шаралар атқарылды. Партия мүшелері сайлау кезінде бақылаушы және сенімді өкіл ретінде нақты жұмыстар атқарды және өз таңдауларын жасап, дауыс беруге атсалысты.
Партияның негізгі бағыттары: 

 1. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «1 қазан -Халықаралық қарттар күні» мерекесі қарсаңында тағылымы мол кездесулер өткізілді.

 2. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы іске асырылды;

3. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында отбасыларға түрлі көмектер көрсетілді;
 4. Қоғамдық қабылдау жұмыстары жүргізілді;
 5. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында түрлі іс-шаралар, сайыстар өткізілді;Күн тәртібі бойынша «Nur Otan» партиясының Бостандық аудандық филиалының XXVIІI есеп беру-сайлау конференциясына делегат  сайланды.
]]>
admin Fri, 23 Apr 2021 13:59:35 +0600
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛІ БОЙЫНША ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/3135-zharatylystanu-matematika-cikl-bojynsha-pnder-aptalyy-bastaldy.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/3135-zharatylystanu-matematika-cikl-bojynsha-pnder-aptalyy-bastaldy.html «Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған №10 жылпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ 18 қаңтардан бастап жаратылыстану-математика циклі бойынша пәндер апталығы бастау алды.

]]>
 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛІ БОЙЫНША ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ


«Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған №10 жылпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ 18 қаңтардан бастап жаратылыстану-математика циклі бойынша пәндер апталығы бастау алды.

"Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі.", - дейді Wikipedia.org сайты.

 Жалпы, бұл бағытқа кіретін пәндер келесідей:

⠀⁃ География,

 Математика (алгебра, геометрия)

 Биология

 Химия

  Информатика

 Апталық барысы қызық өтіп, өзімізге керекті әрі пайдалы білім аламыз деп сенеміз.

 Себебі, дәл осы бағыттағы ғылыми жаңалықтар әлемді күнделікті үздіксіз дамытуда.

]]>
admin Mon, 18 Jan 2021 13:07:05 +0600
ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/3130-ly-halyty-ly-abajy.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/3130-ly-halyty-ly-abajy.html ]]>

ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ

3 наурыз күні мектеп-интернатымыздың қабырғасында ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған кеш өтті.

Кеште Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті,  Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, "Абайтану" оқулығының авторы Зайкенова Руда Зайкенқызы және "Арман-ПВ" баспасының редакторы  Бекболатова Айгуль Нурмукашевна қонақта болды.

Кеш қонақтары Абай атамыздың өмірінен қызықты деректер мен ақынның еңбектеріндегі түпкі мақсатты дәріптеп айтып өтті.

 Оқушыларымыз өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, таптырмас білімнің нәрімен сусынданып, біраз керекті дүниені білді.

Мысалы, Абайдың еңбектері алғашында кімнің атынан жарық көрді? 

 Неше жасында "әке" атанды? 

 Неше жасында "ата" атанды? 

 Неше жасынан өлеңдер жаза бастады?

Біз көп көңіл бөле бермейтін дүниелер қаншама? 

 "Білім-инемен құдық қазғандай",- дейді. Сол секілді осындай кездесулерде 1000 жыл жауабын таппай жүрген сұрақтарымыздың жауабын тауып алуға үлкен мүмкіндік бар екен.



]]>
admin Tue, 03 Mar 2020 11:48:26 +0600
ОТКРЫТИЕ ЗАЛА ДЗЮДО http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/3133-otkrytie-zala-dzjudo.html http://internat-10.alschool.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/3133-otkrytie-zala-dzjudo.html 27 сентября, состоялось торжественное открытие зала дзюдо.

]]>

27 сентября, состоялось торжественное открытие зала дзюдо.

В церемонии приняли участие глава Международной федерации дзюдо (IJF) Мариус Визер, генеральный секретарь Национального Олимпийского комитета Казахстана Сакен Мусайбеков и президент Федерации дзюдо Казахстана Кайрат Кожамжаров.

Руководитель IJF, находящийся в эти дни в Алматы в связи с чемпионатом мира по дзюдо среди кадетов озвучил, что двое лучших учеников зала - девочка и мальчик - станут зрителями предстоящих Олимпийских игр-2020 в Токио, IJF возьмет на себя все расходы, связанные с перелетом и проживанием юных спортсменов в столице Японии, а также организует просмотр соревнований по дзюдо в рамках ОИ.

Помимо этого, глава Международной федерации дзюдо за счет личных средств обеспечил эту школу современным тренажерным залом. В свою очередь ученики на торжественной церемонии продемонстрировали свои навыки во время показательных выступлений. Напомним, реализация данного проекта стала возможной благодаря программе, разработанной IJF, которая реализуется и в нашей стране. В рамках поддержки развития юных спортсменов в возрасте от 5 до 12 лет эта программа включает в себя организацию уроков в отдельных среднеобразовательных учреждениях страны. При этом международная федерация берет на себя расходы по оборудованию и заработной плате детских тренеров.

]]>
admin Sat, 28 Sep 2019 12:35:03 +0600