Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына! » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына!
31
август
2023

Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына!

Алматы қаласы білім басқармасы «Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған жалпы білім беретін № 10 мектеп – интернаты» 2023 жылдың 25 тамызынан 11 қыркүйек аралығында Қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген тұлғалардың өтініштерін қабылдайтынын хабарлайды.
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
9) қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымындағы білім алушыларға білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Өз өтінішіңізді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: internat_10@alschool.kz анықтама телефоны:
8 (727) 376-55-16