«Ұстазыма мың тағзым!» атты мерекелік кеш өтті » №10 школ интернат. город Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Тұрмысы төмен отбасыннан шыққан балаларға арналған
"№10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-58-28
Есепші бөлімі:
+7(727)376-58-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұстазыма мың тағзым!» атты мерекелік кеш өтті
29
сентябрь
2022

«Ұстазыма мың тағзым!» атты мерекелік кеш өтті

2022 жылы қыркүйек айының 29 жұлдызы күні ұстаздар мерекесі қарсаңында мектеп-интернатымызда «Ұстазыма мың тағзым!» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кеш мектеп-интернатымыздың директор м.а. Дүйсенбаев Аманқос Урметовичтың мерекелік құттықтау сөзімен басталды. Аманқос Урметович өз сөзінде ұстаздық етудің ұлт алдында үлкен аманатты қызмет екендігін айтып, өз алғысын білдірді.



Мереке мектеп-интернатымыздың өнерлі білім алушыларының арнайы дайындаған тосын сыйларымен жалғасты. Әсем әуен, тәтті күй және мың бұралған биші қыздарымыз ұстаздарымыздың көңілін көтеріп, естен кетпес бір сезім сыйлады.

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын ниетімізден құттықтаймыз. Сіздер – бүтіндей бір ұлтты тәрбиелеп отырған асыл адамдарсыздар. Осы жолда сіздерге шығармашылық шабыт пен, талмас талпыныс тілейміз. Бастысы-өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз сөнбесін. Сүйіспеншілік болған жерде адамзатқа тиісілі барлық асыл құндылықтар қатар жүретіні бәрімізге айтпай-ақ белгілі болса қажет.